Жалпы қаланың әлеуметтік — экономикалық, мәдени, тұрмыстық әлеуетін жақсарта түсу мақсатында шетел инвесторларымен келіссөздер жүргізу мәселесіне үлкен көңіл бөлінуде.
Мегаполистің солтүстік аймағында орналасқан «Shymkent City» 12 орамнан тұратын шағынаудан. Онда тұрғын үй мен бизнес орталықтарынан бөлек, сауда орындары, емхана, ойын — сауық орталығы, гүлзар мен демалыс аймағы болады деп жоспарланған. Осы аумақта оңтүстіккореялық Highvill Kazakhstan инвестициялық — құрылыс компаниясы жалпы 51,5 гектар аумаққа тұрғын үй құрылысын жүргізуді жоспарлауда. Оған 1 млрд 350 млн АҚШ доллары шамасында инвестиция тартылған. Ал, салынатын жалпы пәтер саны 7100. Жаңа жоба «Shymkent City»-дің жаңа келбетіне көрік беретін болады. Өзін әлемге танытқан компания бірінші кезекте 1,3 га жер теліміне 10 тұрғын үйдің (224 пәтер, жалпы ауданы — 21 543,7 ш.м.) құрылысын жүргізеді. Қазіргі таңда тұрғын үйлердің жер қазба жұмыстары басталып кетті.