Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » Жоба — жемісті болсын

Жоба — жемісті болсын

Жалпы, елімізде өз кәсібін бастап, сол кәсіптің нәсібін көремін деушілерге бірнеше мемлекеттік бағдарламалар жұмыс жасап, көптеген азаматтардың өз кәсібін ашып дөңгелетуде тиігзер пайдасы мол. Осы орайда, ауылда және қалаларда кәсіпкерлік әлеуеті бар, ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге, ауыл шаруашылығы кооперативтеріне және зейнеткерлік жасына жетпеген олардың мүшелеріне, шаруа және фермер қожалықтарына микрокредиттер беріледі. «Бастау-Бизнес» жобасы аясында микрокредит алушылар үшін кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жүргізіледі.

Шымкент қаласында микрокредитпен 40 адам қамтылды. 100 АЕК-ке дейінгі мемлекеттік гранттарды Мемлекеттік бағдарламаның 2 қатысушысы, 200 АЕК-ке дейін – 200 адам алды (жастар, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың мүшелері, мүгедектігі бар адамдар).

Мемлекеттік бағдарламаның үшінші бағыты азаматтардың жекелеген санаттарын жұмыспен қамту үшін мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарын құруды қарастырады. Оны жүзеге асыру аясында Шымкент қаласында 5 мың 987 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 467 әлеуметтік жұмыс орындарына, 3280 жастар практикасына және 2240 адам қоғамдық жұмыстарға жіберілді.

Пікір жазу