Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ШЫМКЕНТТЕ 3 671 ОТБАСЫҒА АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМ ТОҚТАТЫЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ 3 671 ОТБАСЫҒА АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМ ТОҚТАТЫЛДЫ

Шымкент қаласында 3671 отбасыға атаулы әлеуметтік төлем тоқтатылды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек Әлеуметтік Қорғау Департаментіне сілетеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Шымкент қаласында 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап 69 044 отбасының (336 184 адам) өтініштері қаралып, 46 992 отбасыға (234 960 адам) атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. 12 361 отбасыға немесе 26,3% әлеуметтік көмектен бас тартылды.

Шартты ақшалай көмек тағайындалған 47 284 отбасы немесе 224 901 адамның 80 421 адамы жұмысқа жарамды (302 адам жұмыссыздар, 11 242 адам өз-өзін жұмыспен қамтығандар, 29 396 адам жүгіну кезінде жұмысы барлар, 35 292 адам бала күтімінде) және 4 189 адамы жұмыспен қамтудың белсенді шараларына (3 321 тұрақты жұмыс орындарына, 106 адам ақылы қоғамдық жұмыс орындарына, 42 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 654 адам қайта даярлау курстарына, 64 адам жастар практикасына, 2 адам жеке бастамаларын қолдап) жолданды.

Пікір жазу