Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » Әлеуметтік келісім шарттағы міндеттемеге сәйкес тұрғындар түрлі кәсіп иесі атануда

Әлеуметтік келісім шарттағы міндеттемеге сәйкес тұрғындар түрлі кәсіп иесі атануда

Әлеуметтік келісім шарттағы міндеттемеге сәйкес шартты ақшалай көмек алған отбасылардың 3 746-сы жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға, ал 4085-сі дара кәсіпкерлік қызметін ұйымдастыруға жұмсады.

Анықтама: 3 746-сы жеке қосалқы шаруашылық ашқандар:

— 3026 отбасы 4539 бас ірі қара мал;
— 326 отбасы 1956 бас ҰАҚ мал;
— 119 отбасы егін шаруашылығымен;
— 275 отбасы құс шаруашылығымен 3300 құстар.

4085-сі өз ісін ашқандар:

— 154 отбасы әсемдік салонын ашқан;
— 1630 отбасы өндіріс саласы бойынша тігіншілікпен,
— 2228 отбасы наубайханамен айналысады;
— 73 отбасы түрлі аппараттар алған.

Өтініштердің үлкен ағымына байланысты, сәуір — мамыр айларында атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау барысында бір қатар кемшіліктер жіберілді. Кемшіліктерді жою мақсатында арнайы жұмыс топтары құрылып, мониторинг жұмыстары жүргізілді. Кірісін жасырған 8 222 отбасы қайта есептелді және қайта зерделеу барысында 3 671 отбасыға төлем тоқтатылды.
Анықтама:

Кірісін жасырған 8 222 отбасы қайта есептелді:

— 4521 отбасына қайта есептеулер жүргізілді;
— 3030 отбасына төлем тоқтатылды,
— 671 отбасы уақытша тоқтатылған,

13 отбасы өз еркімен бюджетке қаржысын қайтарды, 17 отбасы қаржысын қайтару бойынша екі жақтама келісімге келді.

 

 

Пікір жазу