Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ ИЕЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ ИЕЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Кәсіпкерлікті қолдау мақсатында белгіленген Мемлекеттік 505 мың теңге грант иелері марапатталды. Бұл туралы Шымкент қалалық әлеуметтік қорғау басқармасына сілтеме жасаған didarbek.kz ақапараттық агенттігі хабарлайды.

Жеңімпаздарды Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Егембердиев Нұрғали Қуандықұлы арнайы құттықтады.

Мемлекет «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының» бірінші бағытын кәсіптік — техникалық мамандарды даярлауға ерекше ден қойды.

Бағдарламаға кез келген жұмыссыз азамат, яғни кәсібін ашпақ ниеті бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Және де қысқа мерзімді (3 ай) кәсіптік оқыту курстарында 40 мамандық бойынша білім алады. Курсты оқып бітірген азаматтар арнайы сертификатпен мемлекеттік гранқа қатыса алады.

Бқл туралы толық ақпаратты қала тұрғындары Шымкент қалалық жұмыспен қамту орталығынан алуларына болады.

Анықтама үшін мекен — жайы: Нұрсәт шағынауданы, Бәйтереков көшесі, 89.

Пікір жазу