Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан «Әлем-БТ» ЖШС-ның шұлық жасау фабрикасының жұмысымен танысты және «Әлем білім орталығы» білім алушыларымен кездесті, деп хабарлайды Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz.
Жобалық құны 2 млрд.тг. болатын «Әлем БТ» өндіріс орны жұмысын 2015 жылы бастаған. Екінші кезеңі 2017 жылы жүзеге асқан. Қазіргі таңда фабрикада 240 тігін машинасы жұмыс істеп, 400-ге жуық адам еңбек етеді. Өндірілген өнімнің 70%-ы ішкі нарыққа шығарылса, 30% — ы экспортталады. Құрал жабдықтардың барлығы Оңтүстік Кореядан жеткізілген. Бір қызығы «Әлем БТ» ЖШС тоқыма фабрикасында бір шұлық небәрі 10 секундта тоқылады екен.
Министр мамандарды даярлау үшін оларды шетелге оқытуға жіберудің қажеті жоқтығын айтып, тиісті жұмыстарды осындай өндіріс орындарында жүргізуге мүмкіндіктің мол екенін атап өтті. Ол үшін тиісті мекемелер мен заман талабына сай өнім өндіріп жатқан өндіріс орындары бірлесіп жұмысты жандандыру қажеттіліне тоқталды.