Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ЕҢБЕК МИНИСТРІ ШЫМКЕНТТЕГІ БІРҚАТАР МЕКМЕЛЕРДІ АРАЛАДЫ

ЕҢБЕК МИНИСТРІ ШЫМКЕНТТЕГІ БІРҚАТАР МЕКМЕЛЕРДІ АРАЛАДЫ

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Шымкент қаласына іс-сапармен келді. Іс-сапардың алғашқы қадамын «Шапағат» мүгедектерге арналған оңалту орталығы» КММ-нің ашылу рәсімінен бастады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасаған didarbek.kz хабарлайды.

Айта кетейік, «Шымкент қаласы әкімдігінің «Шапағат» мүгедектерге арналған оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі — мемлекеттік мекеме) психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектерге, бірінші және екінші топтағы мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету функцияларын жүзеге асыру үшін, ұйымдық құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес мекеме. Жоспарлы 70 орынға лайықталған.

Мемлекеттік мекем қызметінің мәні мемлекеттік мекемеде психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектерге бірінші және екінші топтағы мүгедектерге тәуліктің күндізгі уақытында ұзақ немесе уақытша (6 айға дейінгі мерзімге) болуға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету болып табылады.

Пікір жазу