Бүгін «Өңіраралық бос жұмыс орындары» төртінші күні. Қала тұрғындары тарапынан бағдарламаға қызығушылық танытып, қажетті сағлұматтармен танысқысы келетіндердің қарасы аз емес, дейді Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz.
Шымкент қаласының Еңбекші ауданы аппаратында аудан тұрғындарымен еркін форматтағы сұхбаттасу жиыны өтуде. Жиында «Еңбек» бағдарламасы «Өңіраралық жұмыспен қамту» жобасы аясында Солтүстік Қазақстан аймағынан келген әлеуметтік саласының қызметкерлері Солтүстікке көшіру жөнінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мамандары 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастау алатын АӘК тағайындаудың жаңа тәсілдерін халыққа таныстыруда.
Еске сала кетейік, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданына көшу жөнінде кеңес беру жұмыстары мен құжаттарды қабылдау Шымкент қаласы әкімдігі Жұмыспен қамту орталығының №1 кабинетінде жүріп жатыр. Басқа да сұрақтарыңызға мекеме қызметкерлері толықтай жауап беретін болады.
Анықтама үшін мекен-жай: Бәйтереков көшесі, 89. Нұрсәт шағынауданы.