Мүгедектігі бар адамдар 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап техникалық оңалту құралдарының 55 түрінің (бұдан әрі – ТОҚ) 24-іне және мемлекеттік мекемелерде арнайы әлеуметтік қызметтерге тапсырыс бере алады. Техникалық оңалту құралдарының қалған 31 түрі 2020 жылғы шілдеге дейін кезең-кезеңімен енгізіледі.
Бүгінгі күні техникалық оңалту құралдары және басқа да тиісті қызметтер мемлекеттік сатып алу арқылы ұсынылып келуде. Бірақ, бұл процедуралар көп уақыт алады. Мәселен, қызметтер алу мүедектік күнінен бастап 8 айға дейін созылуы мүмкін. Мүгедектігі бар адамдар тендердің бұл жүйесі өздеріне мүлдем сәйкес келмейтіндігін айтады. Қызмет көрсету сапасы мен медициналық құрылғылардың нашарлауына шағымданатындардың сан артқан.
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту, қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2020 жылғы
1 қаңтардан бастап еліміздің бүкіл аумағында әлеуметтік қызметтер порталын енгізуді жоспарлап отыр. Бұл техникалық оңалту құралдарын және арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынуға арналған бизнес-процестердің уақытын 8 айдан 1-2 аптаға дейін қысқартуға мүмкіндік беретін болады. Сондай-ақ, портал қызметтер мен оңалту құралдарын алушылардың жеке қажеттіліктеріне сәйкес келмеу мәселелерін де шешеді. Өйткені мүгедектігі бар адамдар тауар мен қызметтің қажетті түрін өз бетінше таңдай алады. Сонымен қатар, мүгедектігі бар адамдардың өтініштеріне сәйкес техникалық жабдықтар мен оңалту қызметтерінің белгіленген құнын өтеу механизмі көзделген. Ол порталда қымбат тауарлар мен қызметтерді таңдаған кезде қосымша төлемдерді іске асыру функциясы қолжетімді болады деген сөз.
Шымкент қаласы әкімдігі
Халықты жұмыспен қамту орталығы