Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » БОЛАШАҚ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

БОЛАШАҚ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Шымкент қаласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында көптеген шаралар өткізілуде. Соның бірі Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің өкілі Ж.Әлжанова Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттерімен кездесті.

Кездесу  – болашақ дәрігерлерге сыбайлас жемқорлықты қабылдамау бағытында бірқатар түсіндірме жұмыстарын жүргізу  бағытында болды.
Іс-шарада студенттерге парасаттылықтың негізгі қағидалары жеткізіліп, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға баса назар аударылды.
Жас ұрпақтың парасаттылық қағидаларын жүзеге асыруда және таратуда, қазақстандық патриотизм рухында жеке тұлғаны тәрбиелеуде және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудағы маңызды рөлі атап өтілді. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ақпарат немесе кеңес алуға болатын Қазақстан Республикасы  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1424 Call — орталығы таныстырылды.
Шара барысында медицина академиясы студенттеріне арнайы дайындалған бейнеролик көрсетіліп, Департамент қызметкері қатысушылардың сұрақтарына нақты жауаптар берді.

Пікір жазу