Шымкент қаласы ТЖ департаменті бастығының орынбасары полковник Ерғали Жарасбекұлы Бахаев Наурыз алаңында жеке құрамның саптық байқауын өткізді. Өткізілген іс-шараның мақсаты жеке құрамның қысқы киім киюге дайындық деңгейін анықтау; саптық дайындық дағдыларын, саптық командаларды орындау кезінде үйлесімділікті жетілдіру және үлгілі сыртқы көрінісін ұстау.
Салтанатты түрде ТЖ департаментінің Туы шығарылды. Содан кейін сыртқы түрі, нысанды киім-кешектің және қызметтік куәліктердің болуы, сондай-ақ жеке құрамның саптық жарғының негізгі ережелерін білуі тексерілді. Қызметкерлердің саптық түзелуіне ерекше көңіл бөлінді. Департамент қызметкерлері өзінің сыртқы келбетіне ерекше көңіл бөлуі, ұқыпты көрінуі және киім-кешекте барлық айырым белгілері болуы тиіс, өйткені олар бағынысты бөлімшелердің жеке құрамы үшін үлгі болып табылады. Сапқа тұрғызуда елеулі ескертулер болған жоқ, саптық байқау кезінде барлық кемшіліктер жойылды. Саптық байқау барысында жас мамандар Отан алдында өз міндеттеріне адал болуы туралы Ант қабылдады.
Саптық байқауларды үнемі өткізу саптық мәдениетті арттыруға және барлық жеке құрамды үйретуге ықпал етеді, бөлімшелердегі тәртіпті, ұйымшылдықты және тәртіпті нығайтуға көмектеседі.
Шымкент қаласы ТЖД
Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы