Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » Шымкентте улы газбен уланудың алдын алу бойынша рейдтер жүргізілді

Шымкентте улы газбен уланудың алдын алу бойынша рейдтер жүргізілді

Осындай рейдтерді ТЖ департаментінің қызметкерлері үнемі, әсіресе жылыту маусымы алдында және оның уақытында жүргізеді. Жеке сектордан басқа көп қабатты үйлердегі жатақханалар да міндетті түрде тексеріледі, себебі олардың тұрғындары газ баллондарын пайдаланады, бұл рұқсат етілмейді.

Улы газбен уланудың алдын алу бағытындағы кезекті шара Абай ауданы ТЖ бөлімі, жергілікті әкімдік қызметкерлері, газ шаруашылығы мен еріктілердің қатысуымен өткізілді.

Ауқымды үгіт-насихат жұмыстары мамандандырылған жасақ алаңында басталды. ТЖ департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Н. Дербисов 4 мобильді топ міндеттерін қойды. Бұл жолы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу нысандары болып Құрманбеков көшесіндегі отбасылық жатақханалар, Жаңаталап елді мекенінің тұрғын үй секторы, Баян Сұлу сауда үйі, Желтоқсан көшесіндегі жатақхана таңдалды.Мұндай бірлескен рейдтер Тассай, Игілік, Құрсай, Көксай, Забадам, Химфарм, Сайрам тұрғын алабтарында өткізілді.

Тек қазанның 28-і мен 31-і аралығында 20 000-нан астам үйде үй аралау жүргізілді, онда тұншықтырғыш газбен уланудың алдын алуға ерекше назар аударылды. ТЖ мамандары осындай іс-шаралар тұрғындарға пешпен жылытылатын қауіп туралы немесе табиғи газ сияқты таптырмас көмекші туралы айтып беруге мүмкіндік беретініне сенімді. Рейд кезінде тұрғындарға газ жабдығын орнатумен білікті мамандар айналысуы тиіс екенін еске салды. Әйтпесе, бұл қайғылы оқиғаға әкелуі мүмкін.

Шымкент қаласы ТЖД ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы

Пікір жазу