№3 қалалық емханада өткен жоспарлы тексеру барысында Қаратау ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері жұмыс орнында және үйде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, әртүрлі төтенше жағдайларда әрекет ете білу тақырыбында әңгіме өткізді. Емхана қызметкерлері өрттің негізгі себептерімен, өртті байқаған кездегі іс-әрекеттерімен және өрт күзетін шақыру тәртібімен танысты.
Әңгіме тіршілік қауіпсіздігі саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруға бірыңғай көзқарасты қалыптастыру, халық арасында Тіршілік қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру мәселесіне жұртшылықтың назарын аудару, түрлі төтенше жағдайларда іс-қимыл жасаудың практикалық дағдыларын пысықтау, сондай-ақ өрт сөндіруші және құтқарушы мамандығының беделін арттыру мақсатында өткізілді. Сонымен қатар алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану тәртібі көрсетілді.
Айта кету керек, Денсаулық сақтау мекемелерінің басшылары өткізілетін іс-шараларға толық жауапкершілікпен және түсіністікпен қарайды. Қаратау ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерінен түскен барлық ескертулер есепке алынады және одан әрі жұмыста қолданылады.
У. Убайдуллаев, Шымкент қ. ТЖД Қаратау ауданының ТЖ бөлімі