Шымкент қаласы ТЖ департаментінде Департамент бастығы азаматтық қорғау полковнигі Н. Дербісовтың басшылығымен департамент қызметі ойынша 2019 жылдың 9 айы қорытындыланды.
Күн тәртібінде құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметі, қызметтік тәртіптің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жай-күйі, БАҚ-тағы имидждік жағдай талқыланды. Есепті кезеңде ТЖ департаментінің басқару органдары, авариялық-құтқару қызметтерінің күштері мен құралдары 204 төтенше жағдайға ден қойды, төтенше жағдайлар мен оқиғаларға ден қою 100% жағдайды қамтамасыз етті. Төтенше жағдайлар нәтижесінде 14 адам қаза болды, 18% төмендеді ., 283 адам құтқарылды. 2019 жылы төтенше жағдайлардан болған жиынтық материалдық залал 200 млн.теңгеден асты.
Қала аумағындағы жағдай өрт жағдайының нашарлауымен сипатталды. Есепті кезеңде 166 өрт тіркелді, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 26,2% — ға артты. Өткізілген іс-шаралар 2018 жылмен салыстырғанда бірқатар көрсеткіштер бойынша айтарлықтай төмендеуге қол жеткізуге мүмкіндік берді, себебі өрт санының өсуіне қарамастан, ТЖ кезінде зардап шеккендердің саны 63,5% — ға төмендеді; қаза болғандардың саны 18% — ға азайды.
Өртті сөндіруге 2000 — нан астам шығу жүзеге асырылды, оның ішінде 164-і өртке, 58 — і авариялық – құтқару жұмыстарына, 1851-і өрт ретінде есепке алынбаған жану жағдайына, 3-і жалған шақыруларға. Жалпы ТЖ департаментінің қызметі қанағаттанарлық деп бағаланды.
Күн тәртібінде барлық баяндамалар тыңдалып, оның қорытындысы бойынша хаттамалық шешімдер шығарылды. Алда жылыту маусымы мен жеке құрам оны шығынсыз өткізу үшін барлық күш-жігерін жұмсауы қажет.
Шымкент қаласы ТЖД ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы