Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » Алдын алу жұмыстары жалғасуда

Алдын алу жұмыстары жалғасуда

Шымкент қаласы Қаратау ауданы аумағында өрт туындауының алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шаралар үздіксіз өткізілуде.

Мәселен, Қаратау ауданында нақты оқу орнына бару іс-шаралары жақсы дәстүрге айналды. Қаратау ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері ауданның барлық тұрғындарын осы  өрт туындауының алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шаралар барысында толықтай қамтуға тырысады. Аудан әкімдігінің өкілдерімен бірлесіп халықпен жиындар (кездесулер) өткізіледі, азаматтардың тұратын жеріне және адамдар көп жиналатын жерлерге барады, мектептер мен балабақшаларда ата-аналар жиналыстарында әңгімелесулер ұйымдастырылады.

Кезекті көшпелі іс-шара Назарбаев Зияткерлік химия-биология бағытындағы мектебінде өтті.  Балаларға қолдан жасалған электр құралдардың, сіріңкелер мен оттықтардың қаіптілігі түсіндірілді.  Кейде ата-ананың қарауынсыз қалып,  қауіпті құралдардың соңы қайғылы жаңдайларға жеткізіп жатады. Осындай жаңдайлардың алдын алу, болдырмау мақсатында мамандар тарапынан түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Мамандар тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелері мен талаптарын түсіндірді, оқушыларға бейнеролик көрсетіп, өртке қарсы тақырыптағы жадынамалар таратты.

Шымкент қаласы ТЖД ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы

Пікір жазу