Өрт- әркез кенеттен болады және қауіпті. Көптеген адамдар бұндай жағдайда абдырап қалады: қажет емес іс-әрекеттер жасайды, өртке оранған үйден шығу жолдарын табалмайды. Көп жағдайда адамдарға тірі қалуға мүмкіндік болмас еді егер ол жер көмекке өрт сөндірушілер келмесе. Ал, өрт сөндірушілер әрдайым көмекке келеді. Бұл жұмыста ұсық-түйек деген жоқ. Өртке шығу жұмысы бір минутта зая кетпестей етіп ұйымдастырылған.
Өрт сөндіру бөліміне дабыл келіп түскенде, өрт сөндірушілерде арнайы киімді кию үшін 20-30 секундқа жуық-ақ уақыттары бар. Одан кейін олар автокөліктерге мініп оқиға орнына асығады. Өрт орнына жетісімен өрт сөндіру бөлімшесі ең бірінші адамдарды қауіпсіз жерге көшіру және түтікқұбырлармен өртті сөндіруге кіріседі. Қарауыл бастығы өрттің жану жағдайын бағалап, өртті сөндіру тактикаларын белгілейді. Ол қосымша күштер мен құралдар керекпе және өртті неден сөндіруді бастау керек екенін шешеді. Әр жағдайда қолданылатын әртүрлі тиісті жабдықтар мен тәсілдер бар.
Бірнеше адам барлау үшін және адамдар болса қауіпсіз жерге көшіру үшін өрт орнына кіреді. Әдетте олар топталып бірнеше адам болып, арнайы арқанмен кіреді. Өйткені қара түтін ішінде бір-бір бірін жоғалтып алу және жолдан таяып кетуі де мүмкін.
Ірі өрттерге әдетте бірнеше өрт сөндіру техникалары шығады. Кейде барлық аумақтағы өрт сөндіру техникалары жұмылдырылуы мүмкін. Бұл өртті жан-жақтан өшіруге мүмкіндік береді. Өрт сөндірушінің басты міндеті-адамдарды құтқару. Оттан және түттіннен зардап шеккен адамдарға медициналық көмек қажет болады, ал жедел көмек келгенше өрт сөндірушілер оларға дәрігерге дейінгі көмекті көрсетеді. Былай айтқанда өрт сөндірушілер-өртті де сөндіруші және құтқарушы, сонымен қатар дәрігерлік көмек көрсетуші де. Бұл жердегі барлық дағдылар тынымсыз жаттығудың арқасы. Өрт сөндірушілердің кзекшілігіндегі әрбір минут белгіленген.
Бұл туралы «NAR TV» телеарнасының «Ашық әңгіме» бағдарламасының эфирінде Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі А. А. Бейсембаев айтып берді.
Азаматтық қорғау полковнигі өз сұхбатында өрт орын алған кезіндегі жедел әрекеттер туралы және алдын алу іс-шараларының жүргізілу барысы жайында айтып берді. Сондай-ақ жлыту маусымында өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау және КТИ түсу шарттары, сонымен қатар оқу орнының артықшылықтары айтып берді.
Сөз соңында ол барлық азаматтық қорғау қызметкерлерін кәсіби мерекелері-Құтқарушылар күнімен құттықтады.
Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті
Өрт сөндіру және авариялық-құтқару
жұмыстары қызметінің ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы