Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ШЫМКЕНТ: ҚҰТҚАРУШЫЛАР КҮНІНЕ ОРАЙ БАСПАСӨЗ-ТУРЫ

ШЫМКЕНТ: ҚҰТҚАРУШЫЛАР КҮНІНЕ ОРАЙ БАСПАСӨЗ-ТУРЫ

Төтенше жағдайлар кезінде ерекше қауіпке балалар ұшырайды, бұл олардың аз өмірлік тәжірибесі мен мұндай жағдайлар кезінде дұрыс әрекет жасай білу бойынша білімдерінің аздығына байланысты болады.
Құтқарушылар күніне орай, сондай-ақ өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың қызметімен танысу үшін «Отырар» телеарнасының «Ата-анасыз бір сағат» атты бағдарламасының жас журналисі Бекасыл Шымкент қаласындағы мамандандырылған жасақта қонақта болды.


Танымдық экскурсияны мамандандырылған жасақтың аға өрт сөндірушісі азаматтық қорғау аға сержанты Ж. Құдайбергенов өткізді. Бекасыл барлығын білгісі, көргісі келді, оған барлығы қызық болды. Ал Жұмағали Құдайбергенов экскурсия кезінде құтқарушылар туралы толық айтып берді, өрт сөндіру техникасын, құтқарушылардың киімін, өрт сөндіру бөлімінің барлық бұрышын көрсетті.

Тіпті диспетчерлердің бөлмесінде болып, өрт туралы хабарлама қалай түсетінін білді. Жас журналистке өрт сөндіруші болып көруге мүмкіндік берілді. Ол өрт сөндірушілердің киімін киіп көрді. Азаматтық қорғау аға сержанты Ж. Құдайбергенов қалай өрт сөндіруші және құтқарушы болуға болатынын және Көкшетау техникалық институтында оқу туралы айтып берді.


Баспасөз-туры барысында кезекші қарауылдың өрт дабылы түскен кезіндегі іс-әрекеті туралы айтылды. Бірнеше секунд ішінде өрт сөндірушілер жауынгерлік киімдерін киіп, өрт орнына қиын жағдайға тап болған адамдарға көмектесу үшін асығады. Бұлардың барлығы тәжірибе жүзінде көрсетілді.
Телеарнаның кішкентай өкілінің осы өрт сөндіру бөліміне жасалған қызықты саяхатқа көңілі толып, тағы келуге және жексенбілік бағдарламада өзінің құрдастарына айтып беруге уәде берді.

Шымкент қ.ТЖД Өрт сөндіру және
авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің
ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы

Пікір жазу