Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ШЫМКЕНТ: «ОТЫРАР» ТЕЛЕАРНАСЫНДА «101» ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ АЙТЫЛДЫ

ШЫМКЕНТ: «ОТЫРАР» ТЕЛЕАРНАСЫНДА «101» ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ АЙТЫЛДЫ

«101» қызметі диспетчерлерінің жұмысы туралы білмейтін адамдар үшін олардың қызметі қарапайым және қиын емес болып көрінуі мүмкін, бірақ та олай емес. Диспетчер – ең бірінші қиын жағдай орын алғандығы туралы хабарламаны қабылдайтын адам және диспетчерлердің үйлесімді, уақытылы іс-әрекеттеріне тек өрттің сөндірілуі ғана емес, сонымен қатар адам өміріде байланысты болады.
Диспетчер тез және нақты хабарламаны қабылдап, бір секунтты да жіберместен өрт сөндіру техникасын және көмек көрсетуші қызметтерді жөнелтуі қажет. Бір минуттік кідіріс қандайда бір адамның өміріне қауіп төндіруі мүмкін.
Өрт сөндіру байланыс пунктінің диспетчерлері үш күнде бір тәулікке кезекшілікте жұмыс атқарады. «101» байланыс пультіне тәулігіне жеті жүзге жуық қоңыраулар түседі және олар түрлі болып келеді. Бұл қоңыраулар санына «нөмірмен қателестім» дейтіндер, жалған шақыруларда қосылады. Алайда мұндай жағдайлардың арасында кейбіреулері біле тұра әдейі қоңырау шалады.
Бұл туралы «Отырар» телеарнасының «Пора вставать» бағдарламасында күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Азиз Саидкулович Саипов айтып берді. Азаматтық қорғау подполковнигі А. Саипов өз сұхбатында «Қандай қоңырау болсада, ол бала немесе үлкен адам жасағанына, жалған ба әлде жоқ па оның бәріне қарамастан назарсыз қалмайды. Алайда өрт сөндірушілердің әрбір шақыруында адам өмірін немесе құндылықтарын құтқару тұратындығын есте сақтау қажет. Өйткені ешкім қайғылы жағдайдан қорғалмаған» — деп атап өтті.
Сонымен қатар, орталық бастығы эфир уақытын пайдаланып қала тұрғындары мен қонақтарын жылу беру маусымы кезінде өрт қауіпсіздігін сақтауға және жедел қызметтерге бейінді бағыттан тыс қоңырау шалмауға шақырды және жедел қызмет телефондарын тиісті емес бағытта қолданғандар және жалған шақыруға жол бергендер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілікке тартылатындығын ескертті.

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті
Өрт сөндіру және авариялық-құтқару
жұмыстары қызметінің ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы

Пікір жазу