Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ШЫМКЕНТ: «СТАНДАРТ ЦЕМЕНТ» ЖШС ӨРТ-ТАКТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЫ ӨТКІЗІЛДІ

ШЫМКЕНТ: «СТАНДАРТ ЦЕМЕНТ» ЖШС ӨРТ-ТАКТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЫ ӨТКІЗІЛДІ

Шымкент қаласы гарнизонының өртке қарсы бөліністері жеке құрамының цемент шығару және қағаз қаптарды сақтайтын қоймалардағы өртті сөндіру кезіндегі тәжірибелік дағдыларын, бөліністердің қызмет ететін қызметкерлермен, сондай-ақ қаланың өмір қауіпсіздігін қалыптастыру қызметтерімен бірлесіп әрекет ету дағдыларын машықтау мақсатында «СТАНДАРТ ЦЕМЕНТ» ЖШС аумағында өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді.
«СТАНДАРТ ЦЕМЕНТ» ЖШС жылына 2 млн. тонна цемент өндіретін қуаты бар Қазақстан Республикасындағы ірі зауыттардың бірі. Қазіргі таңда бұл жерде тұрақты түрде 782 адам қызмет атқарады.
Өрт-тактикалық жаттығудың тактикалық тұрғысына сәйкес, қоймада электр сымдарының қысқа тұйықталу салдарынан өрт орын алады. Өрттің таралу қауіпі туындады. «Стандарт цемент» ЖШС-ның қызметкерлері «101» қызметіне хабарлайды. Өрт-тактикалық жаттығу орнына күштер мен құралдар гарнизонның шығу кестесіне сәйкес жөнелтілді. Шартты өрт орнына келу барысында өрт сөндіру штабы құрылып, 380 Вт құрайтын электр желісі объектінің электриктері тарапынан өшірілді. Өрттің қоймаларға таралуына жол берілмеді, сондай-ақ шартты өртті сөндіру жұмыстары жүргізілді. Шартты зардап шеккен адамдар өрт орынан алып шығарлып, аппаттар медициналық орталығының қызметкерлеріне табысталды.
Оқу-жаттығуға Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің 11 бірлік өрт сөндіру техникасы, офицерлік және жеке құрамы, Шымкент қ. ТЖД-ның, жедел-құтқару жасағының, апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері жұмылдырылы.

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті
Өрт сөндіру және авариялық-құтқару
жұмыстары қызметінің ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы

Пікір жазу