Шымкент қаласындағы №6 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен Қаратау ауданы Сайрам тұрғын алабындағы тұрғын үй тұрғындарымен алдын алу бойынша әңгіме жүргізілді. Үйдің тұрғындарында өртті болдырмау бойынша үлкен жауапкершілік жатыр, өйткені барлығы олардың ұқыптылығына байланысты, мысалы өшірілмеген шылым немесе пештерде қараусыз қалдырылған ас барлығына ауыр салдар алып келетін тұрғын үйдегі үлкен өрттің орын алуына себеп болуы мүмкін. Сондықтанда төтенше жағдай қызметкерлері тұрғындарды ақауы бар электр құрылғыларын қолдануға, сонымен қатар, ақауы бар газ және электр пештерін үй-жайды жылытуға қолдануға қатаң тыйым салынатынын ескертті! Тұрғын үйлердегі электр сымдарының жағдайын мұқият бақылау керек. Соңында бөлім қызметкерлері өрт сөндіруші және құтқарушылардың «101» шақыру нөмірін және қарапайым ережелердің бірі «Өртті сөндіргеннен, алдын алған оңай» екенін ескертті.
Тұрғын үй секторында өртті болдырмау және алдын алу іс-шарасы барысында 230 адам қамтылды.
Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті
Өрт сөндіру және авариялық-құтқару
жұмыстары қызметінің ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы