Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ӨРТ СӨНДІРУШІ-ҚҰТҚАРУШЫЛАРДА ҚОНАҚТА

ӨРТ СӨНДІРУШІ-ҚҰТҚАРУШЫЛАРДА ҚОНАҚТА

Өрт сөндіруші және құтқарушыларды дәріптеу және имдждерін арттыру мақсатында Шымкент қаласындағы №5 өрт сөндіру бөлімінде «NAR TV» телеарнасының журналистерімен бірге баспасөз — туры өткізілді. Өрт сөндіру бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі С. Ташимбаев қызметтік және тұрмыстық жайларды көрсете отырып, өрт сөндіру бөлімінде экскурсия ұйымдастырды, бөлімнің гаражында олардың назарына күнделікті құтқару және кезек күттірмес жұмыстарды жүргізу кезінде қолданылатын өрт сөндіру және авариялық — құтқару жабдықтары ұсынылды.
С. Ташимбаев тек төтенше жағдайлар қызметкерлерінің күнделікті батыл еңбектері туралы ғана айтып қоймай, сондай-ақ өрт сөндіру бөлімінің техникалық жарақтарының мүмкіндіктерін көрсетті. Кезекшіліктегі қарауылдың «Дабыл» белгісімен көтеріліп, шығуы журналистердің арасында ерекше қызығушылық тудырды.
Сондай-ақ телеарна өкілдері жас мамандардың қызметімен танысуға мүмкіндік алды.

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті
Өрт сөндіру және авариялық-құтқару
жұмысары қызметінің ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы

Пікір жазу