Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » «ХАБАР 24» ТЕЛЕАРНАСЫ ӨКІЛДЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН БАСПАСӨЗ ТУРЫ ӨТТІ

«ХАБАР 24» ТЕЛЕАРНАСЫ ӨКІЛДЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН БАСПАСӨЗ ТУРЫ ӨТТІ

Құтқарушылар күні қарсаңында өрт сөндірушілер мен құтқарушылар бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің алдында есік ашты.

Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың жұмысын таныстыру мақсатында «Хабар24» телеарнасының журналистері Шымкент қаласының өрт сөндіру бөлімдеріне арнайы барып қайтты. Ол №5 өрт сөндіру бөлімінде және мамандандырылған жасақта болды. Баспасөз туры барысында өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі А. Бейсембаев Өрт сөндіруші-құтқарушылардың күнделікті батырлық еңбегі туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Арыс қаласында салдарын жою кезінде көрсеткен ерлігі мен қайсарлығы үшін «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Олар: өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі ұйымдастыру бөлімінің аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Ибадулла Бексұлтан және Мамандандырылған жасақтың аға өрт сөндіруші-құтқарушысы азаматтық қорғау аға сержанты Құдайбергенов Жұмағали.

Одан әрі телеарна өкілдері кейіпкерлердің қызметімен танысты. Өрт сөндірушілермен сұхбат барысында олар өрт сөндірушілер мен құтқарушылар жүздеген адамды құтқару үшін өз өмірін қауіп төндірді. Сонымен қатар, Мамандандырылған жасақтың аға өрт сөндірушісі Ж. Құдайбергеновтың отбасымен сұхбат ұйымдастырылды.

Өткізілген баспасөз турының басты мақсаты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұрғындарға табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде құтқарушылар әрқашан жоюға және көмек көрсетуге дайын екенін жеткізу болып табылады.

 

Ішкі және сыртқы коммуникация тобы

Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

Шымкент қаласы ТЖД

Пікір жазу