Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » Жаңартылған білім беру жүйесі жемісін беруде

Жаңартылған білім беру жүйесі жемісін беруде

Жаңартылған білім беру жүйесі жемісін беруде, деп жазады  «OŃTÚSTIK арнасы» телеарнасының тілшісі Г.Қалмырзақызының материалына сілтеме жасаған didarbek.kz.

Жылдың басты құжатында Президент мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту қажеттігін атады. Бұл ретте ұстаз бойында креативтілік, сыни ойлау, коммуникативтілік және командада жұмыс істей білу секілді қасиеттер болуы тиіс. Ал, мегаполис мектептеріндегі тірлік тиянақты. Педагог қауым жаңартылған білім беру жүйесінің нәтижесін қазірдің өзінде көріп отыр.

Критериалды білім беру үрдісі арқылы орта мектептепдегі білім сапасы артып келеді. Бағдарлама енген екі жыл ішінде оқушылар өздерін бағалауды үйренген. Бұл туралы білім сапасын бақылау департаментінің басшысы Жанат Тәжиева мәлімдеді.

Жанат Тәжиева – Шымкент қаласы бойынша білім сапасын бақылау департаментінің басшысы: Біздің өткізген ғылыми зерттеу бойынша осы жаңартылған білім беру бағдарламасының маңыздылығы мен тиімділігін көрсетіп отыр. Бүгін қарауымыз бойынша 2 жылдың ішінде білім деңгейі 2 есе өсіп отыр. Бұл дегеніміз нақты осы бағдарламаның тиімділігін көрсетеді.

Жаңартылған білім беру жүйесінің жетістігі Ы. Алтынсарин атындағы №65 мектеп гимназиясында да айқын аңғарылады. Дәрісті бір-бірімен байланыстырып өткізу дамыған мемлекеттердің тәжірибесінен алынған. «Бұл шәкірттердің функционалдық сауаттылығын арттыруға үлкен мүмкіндік береді»,-дейді білім ордасының директоры.

Айгүл Керімбаева — №65 Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясы директорының міндетін атқарушы: Жаңартылған білім беру жүйесі енгізілгелі бері, шәкірттер тығырықтан қалай шығу керектігін үйреніп жатыр…

Оқу бағдарламасымен қатар, бағалау жүйесі де өзгерген. Яғни, баланың оқу үлгерімі сандық шкаламен емес, ұстаз сипаттамасымен бағаланады. Бастапқыда аздап қиындық тудырған әдісті қазір мамандар бес саусағындай игеріп алды. Әрі критериалдық бағалау жүйесі оқушылар өздерін бақылап, қатесін түзеуге зор мүмкіндік туғызды.

 

Пікір жазу