Шымкентте дәстүрлі «Таза қала» акциясы басталды. Байқауға қала аумағындаңы аула және көше атынан үй төрайымдары мен комитет төрағалары қатысуға құқылы. Бүгіннің өзінде 4 ауданнан 200-ден астам өтініш келіп түскен, деп жазады «OŃTÚSTIK арнасы» телеарнасының тілшісі Р.Бақытжанқызының материалына сілтеме жасаған didarbek.kz.
Акцияға қатысуға өтінім бергендердің бірі, Әл-Фараби ауданына қарасты Әлімбетов көшесі 45 «в» үйдің ауласы. Көпқабатты үйдің тұрғындары балалардың қауіпсіздігі үшін, автоқақпа мен арнайы камера орнатқан. Жан-жағын қоршап, 5-6 жыл бұрын ағаш көшеттерін отырғызған.
Қарлығаш Рахиева — үй төрайымы: -2015 жылдан бері осы жеріміздің бәрін жеке меншікке өткізіп алғанбыз. Ағаш егіп жатырмыз. Не только гүл. Гүлдерду суару үшін су тартқыздық. Тұрғындардың барлығы активно қатысады.
Ал, Отырар ауданы 11 үйдің үй төрағасы да жүлделі орыннан дәмелі. Акцияға 5 жылдан бері белсенді қатысып келеді. Олар былтырғы конкурста айтылған сын-ескертпелерді түзепті.
М.Ахметбеков – қала тұрғыны —Альянс Азаматтық қоғамын мен өзім телевизордан көрдім. Біз де неге осыны істемейміз деп. Тұрғындардың бәрін далаға шығарып, ағайынымыз келеді, келгенде ұялмайық деп 3 жылда нәтиже болды. Төртінші жылы ынталандыру сыйлығын, бесінші жылы 3 орын алдым. Биыл енді алғашқы орындарды аламыз деп тұрмыз.
Байқауды ұйымдастырудағы мақсат — қаладағы жеке тұрғын үйлер мен серіктестіктердің аумағын көгалдандыру болатын. Тұрғындардың тазалыққа шақыра отырып, оларды ынталандыру еді. Ол үшін 4 млн теңге бөлінген.
Д.Босымбаев – Әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары —Осы аулалар тек ауланың ғана тазалығына емес тұрғындармен жұмысты ұйымдастырып отырады. Кейде сын да айтылады. Бірақ, әрбір тұрғын осылай ауласын, көшесін таза ұстаса, Шымкент бұдан да таза қала болар еді.
Нәтиже, желтоқсай айында белгілі болады. Айта кетейік, жеңімпаздар анықталғанға дейін комиссия мүшелері аудан көлемін, өтініш тапсырған көше мен ауланы 2 рет тексеруі тиіс. Сайыстың барынша әділ өтуі үшін БАҚ өкілдерін арнайы қатыстырды.