Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ТІЗГІН және 100 КҮН

ТІЗГІН және 100 КҮН

Бүгінде Ерлан Айтахановтың қала тізгінін қолына алғанына  100 күн толып отыр. Осы уақыт ішінде Шымкент қаласының әкімі шаһардың әлеуметтік-экономикалық даму динамикасына  қаншалықты үлесін қосып үлгерді? Осы және басқа да сұрақтар төмендегі материалда.

2018 жылы 19 маусымда Елбасы Шымкентке республикалық маңызы бар қала мәртебесін беру туралы жарлық шығарды. Осылайша көне де жаңа қала еліміздегі он жетінші аймаққа айналды.
Шымкенттің республикадағы үшінші мегаполис мәртебесіне ие болуы шаһардың өсіп-өркендеуі мен жан-жақты дамуына зор серпін беріп отыр. 2200 жылдық тарихы бар көне қаланың жаңа келбеті қалыптасып, миллионды шаһар дамудың даңғыл жолына түсіп, жаңа мүмкіндіктерге ие болуда.
Бұрын жалпы жер көлемі 40 мың гектар болған қала аумағы бүгінде 117 мың гектарды құрайды. Үшінші мегаполиске Сайрам, Төлеби және Ордабасы аудандарынан 41 елдімекен қосылды. Шаһар көлемінің ұлғаюына байланысты жаңадан Қаратау ауданы құрылды. Бас жоспарға сәйкес, Шымкенттің шекарасы 3 есеге ұлғайды. Қала аумағы кеңейген соң әрине жұмыс ауқымы да айтарлықтай артқаны белгілі.

Пікір жазу