Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ТІЗГІН және 100 КҮН: Шалғайдағыларға – шынайы назар

ТІЗГІН және 100 КҮН: Шалғайдағыларға – шынайы назар

Бұл орайда қызметіне кіріскеніне 100 күн толып отырған Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов шаһардың әлеуметтік-экономикалық даму динамикасына елеулі үлесін қосып үлгерді. Әкім келген бетте-ақ жұмысының басты бағытын ең өзекті мәселелердің бірі ретінде қаланың шалғай елді-мекендерін дамыту мәселесіне ден қоюдан бастады. Шымқалаға жаңадан қосылған «Исфиджап», «Жаңаталап», «Сайрам», «Игілік» елді мекендері тұрғындарымен кездесулер өткізіп, олардың мұң-мұқтажымен танысты. Тұрғындарды толғантып отырған басты проблемалар – қажетті инфрақұрылымдар, атап айтқанда сапалы ауыз су, газбен жабдықтау, электр қуаты, жол, кәріз жүйелерінің жеткіліксіздігі, қоғамдық көлік мәселесі алдыңғы кезекте шешілуі керектігіне мән берді және осы жұмыстарды жүйелі қолға алуды талап етті.

Ерлан Қуанышұлы «…жергілікті билік, қаланың әр тұрғынына, олардың тұрғылықты мекен-жайына қарамастан, бірдей жағдай жасауы қажет, яғни өмір сүруге қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру, бұл – Елбасымыз және Президентіміздің әкімдерге қойған басты талабы», деп ашып айтты.

Пікір жазу