Қаланың 2018 жылы бекітілген 2020 жылға дейінгі даму бағдарламасы тың қарқын алды. Ол 5 бағыттан тұрады: экономика, әлеуметтік сала, қоғамдық қауіпсіздік және құқық қорғау, инфрақұрылым, экология және жер ресурстары.Бағдарламада 72 индикаторлар қарастырылса, оның 2018 жылы 65-не қол жеткізілді немесе орындалуы 90,3% болды. Нәтижесінде, қаланың жалпы өңірлік өнімі 2,1 трлн теңгеге жетіп, өсімі 114,1%-ды құрады. Бұл республикадағы ең жоғарғы көрсеткіш болып табылады. Халықтың жан басына шаққанда жалпы өңірлік өнім — 2,2 млн теңгеге жетті.
Сонымен бірге әлеуметтік сала бағытында жұмыссыздық деңгейі 5,2%-ды құрайды. Қоғамдық қауіпсіздік және құқық қорғау бағытында жоспарланған көрсеткіштер межеден асқан жоқ. Атап айтқанда, көшелерде жасалған қылмыстардың үлесі 19,9%-ға, жасөспірімдер жасаған қылмыстардың үлесі — 4,4%-ға дейін төмендеді.
Инфрақұрылымды дамыту бағытында қала халқын орталықтандырылған сумен қамту деңгейін 93%-ға, су бұрумен қамтуды — 49,1%-ға жеткізу қажет болса, 2018 жылы 9 сумен қамту нысандарының құрылысы жүргізіліп, жоспарланған көрсеткіштер толығымен орындалды.
Салада 2019 жылы 35,5 млрд теңгеге 700 жұмыс орны мен 9 жобаны іске асыру жоспарланып, бүгінгі күнге 4 жоба іске қосылып, 190 жұмыс орны ашылды. Өндірістің дамуына қаладағы 2 индустриялық аймақ өз үлесін қосуда. Қазіргі таңда, құны 42 млрд теңгеге 67 жоба іске қосылып, 4 мыңға жуық жұмыс орны ашылды.