Тартылған инвестиция көлемі жағынан 1 теңге бюджеттің қаржысына «Тассай» индустриялық аймағында 40 теңге, ал «Оңтүстікте» 10 теңге жеке инвестициядан келуде. Ашылғаннан бастап мемлекеттік бюджетке 16 млрд теңге көлемінде салық түсті.
Қалада сауда нысандарының санын арттыру мақсатында ағымдағы жылы құны 1,6 млрд теңгені құрайтын «Гипер Хаус» сауда-ойын-сауық орталығының құрылысы аяқталды.
Халықты жұмыспен қамту бағытында, 2019 жылы 15 мың жұмыс орнын ашу жоспарланып, бүгінгі күнге 11,2 мың жұмыс орны ашылды. Нәтижесінде, жұмыссыздық деңгейін жоспарлы 5,1%-ға ұстап тұруға мүмкіндік берді.
Сонымен бірге, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасына 5,6 млрд теңге қаржы бөлініп, 28,0 мың адам бағдарламамен қамтылды.
Қалада инфрақұрылымды дамыту мақсатында, 8 су нысандарының құрылысы жүргізіліп, жылдың соңына дейін 4 нысан пайдалануға берілетін болады. Нәтижесінде, орталықтандырылған сумен қамту деңгейін — 94,7%-ға жеткізу жоспарлануда.
2019 жылы автомобиль жолдары саласын дамыту үшін бюджеттен 8,2 млрд теңге қаржы қарастырылып, 91 нысан құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылуда.
Тұрғын үй құрылысы саласында бюджет есебінен 3 578 пәтерлі 59 арендалық және кредиттік тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін 1 554 пәтерлі 27 тұрғын үйді халық игілігіне беру жоспарланған. Одан бөлек, жеке инвесторлар есебінен 1 293 пәтерлі 26 коммерциялық тұрғын үй пайдалануға беріледі. Жылдың соңына дейін көрсеткішті 470 мың шаршы метрге жеткізу жоспарлануда