Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов Францияның Алматыдағы Бас консулы Алексис Шахтахтинскиймен, Қазақстан Республикасындағы GG Group трансұлттық корпорациясының директорлар кеңесінің төрағасы, непалдық миллиардер Бинод Чаудхаримен, Америка Құрама Штаттарының Бас консулы Эрик Майермен, Оңтүстік Африка Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Кийтуметци Сийпело Тандека Мэттьюспен, Орталық Азия бойынша Еуропалық қайта құру және даму банкінің басқарушы директоры Бруно Балванера бастаған делегациямен, Қазақстан Республикасындағы Чех Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Рудольф Гиклмен, Корея Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Ким Хынг Сумен, Ресей Федерациясының Алматыдағы бас консулы Евгений Бобровпен т.б. шетелдік өкілдермен кездесулерінде сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Құрамында чехиялық 17 компанияның өкілі бар Чех Республикасы Парламенті депутаттары Палатасының Төрағасы Радек Вондрачек бастаған делегацияның қатысуымен «Rixos Khadisha Shymkent» қонақ үйінде өткен ҚАЗАҚСТАН-ЧЕХ бизнес — форумы да екі ел арасында сауда-экономикалық қатынастардың өркендеуіне серпін беретіні анық.