Шымкентте кәсіпкерлер мен инвесторларға қызмет көрсететін бірыңғай орталық жұмыс істейді. «Бір терезе» қағидаты бойынша бизнесті қолдау мен дамытудың барлық шараларын қамтамасыз ететін фронт — офис мамандарының қызметіне кеңес алу үшін 5 мыңға жуық адам жүгінген. «Бизнеске арналған үкімет» жобасын «SHYMKENT» ӘКК» АҚ-ғы және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы бірлесе жүзеге асырып отыр. Бұл жұмыстар бизнес мүмкіндіктерін кеңейту, сондай-ақ инвесторларды тарту мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің инвесторлар үшін «Бір терезе» фронт-офистерін құру туралы тапсырмасының негізінде құрылды.
Аталмыш процестерді оңтайландыру, кәсіпкерлер мен инвесторларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді кеңейту мақсатында мемлекеттік кірістер және көші — қон қызметтері департаментімен «Қазпочта» акционероік қоғамы қызметтерін «Бір терезе» арқылы біріктіру туралы шешім қабылданды.
Мұнда инвесторлар мен кәсіпкерлерге 9 бағыт бойынша қызмет көрсетіледі. «Бизнеске арналған Үкімет» нарықтағы өзгерістерді, мемлекеттік саясаттағы, экономикадағы, заңнамадағы өзгерістерді ескере отырып сәйкесінше үнемі жаңарып отырады.