Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » БУККРОССИНГ АЛАҢДАРЫ АШЫЛДЫ

БУККРОССИНГ АЛАҢДАРЫ АШЫЛДЫ

Қолына кітап ұстаған жандарды жиі көрсеңіз таң қалмаңыз! Шымкентте тегін кітап алмасу алаңдары ашылды. Буккроссинг яғни, кітап алмасу үдерісі жалынды жастар жағынан қызу қолдау тапты.

Шымкентте мұндай аймақтар адамдар көп шоғырланған 5 нүктеге орнатылды. Әр алаңға отандық және шетелдік классиктердің есімі берілді. Республикалық маңызы бар үш қала мен он төрт облыс орталықтарында  барлығы 17 кітап алмастыру акциясы жоспарлануда. Жаңа буккроссинг — аймақтарын ашу басқа да мәдени шаралармен бірге жүзеге асатынын айтып өту қажет. Іс-шараға қатысушыларды белгілі жазушылармен кездесу, әдеби кештер мен отандық автор кітабының тұсаукесері күтеді. Жобаны өткізудің мақсаты өте маңызды: кітап оқуға баулу және біздің қоғамдағы «кітап алмастыру мәдениетінің» деңгейін көтеру.

Әр күніміз әлеуметтік желіге байлаулы заманда бос уақытымызды кітап оқуға, пайдалы білім алуға жұмсағанымыз нұр үстіне нұр болар еді әрі осы жаңдайда буккроссингтің қызметі жоғары.

Нұрислам Исмайыл – «Social Development Center» қоғамдық қорының бас маманы

Г. Қалмырзақызы                                   

 

Пікір жазу