Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » Шымкент қаласының полицейлері жоғары оқу орындарының түлектерімен және студенттерімен кездесті

Шымкент қаласының полицейлері жоғары оқу орындарының түлектерімен және студенттерімен кездесті

Шымкент қаласының полицейлері жоғары оқу орындарының түлектерімен және студенттерімен кездесті. Бұл туралы Шымкент қалалық Полиция департаментінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

2019 жылдың 30 қазанда Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Ералы Жумаханбетов қаладағы жоғары оқу орындарының басшыларымен ішкі істер органдарына кадрларды даярлау саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумына қол қойған болатын.

Осыған орай Шымкент қаласы Полиция департаменті Кадр саясаты басқармасының бастығы полиция подполковнигі Данияр Ундербаевтың қатысуымен аталған меморандум аясында кезекті М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті және М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан Гуманитарлық институтының түлектері мен 4-курс студентерімен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу барысында Кадр саясаты басқармасының қызметкерлерімен Полиция департаментінің бос лауазымдарын жасақтау мақсатында конкурс жариялағанын және конкурс туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, түлектер мен 4-курс студентеріне ақпараттық брошюралар таратылды. Сондай-ақ, Шымкент қаласы Полиция департаментімен жарияланатын конкурстарға қатысуға шақырды.

Пікір жазу