Бүгін Шымкент қаласының Полиция департаментінде мемлекеттік органдардың мекенжай анықтамаларын талап етпеу мәселелеріне арналған «дөңгелек үстел» өтті. Бұл туралы Шымкент қалалық Полиция департаментінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Өзекті тақырыпты талқылауға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Шымкент қаласы бойынша филиалы, Денсаулық сақтау басқармасы, Білім басқармасы, Әлеуметтік қорғау басқармасы, Коммуналдық қызметті және өзге де мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Кездесуде атап өткендей, бюрократиялық кідірістердің бірі қандай да бір қызметтерді алу кезінде халықтан түрлі анықтамаларды талап ету болып табылады, бұл өз кезегінде құжаттарды, жеңілдіктерді, жәрдемақыларды және басқа қызметтерді уақтылы алуға кедергі келтіреді.
Сондай-ақ бұл мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдар мен басқа да ұйымдардың азаматтардан тіркеу туралы мәліметтерді алу үшін мекенжай анықтамаларды сұратуымен де байланысты. Тұрғындар ХҚКО-ға, мемлекеттік органдарға барып, кезекте тұрған уақытын жоғалтуға мәжбүр. Осының бәрі қағаздағы құжат айналымын және азаматтарға қосымша жүктемені жасайды.