Шымкент қаласының Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының патрульдік полиция полкі қызметкерлерінің қатысуымен «Шымкент — адалдық алаңы» жобасы аясында «Адалдық жолында» атты кезекті бірлескен рейді өтті. Бұл туралы Шымкент қалалық Полиция департаментінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Шараға «Шымкент — адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мен қалалық Полиция департаментінің қызметкерлері және арнайы мониторинг тобының мүшелері, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.
Бұл жоба қала тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді. Рейд барысында іс-шара қатысушыларымен қала тұрғындары мен қонақтарына ақпараттық брошюралар таратылды. Сондай-ақ қоғамдық бақылауды жүзеге асыру кезінде азаматтық қоғаммен тығыз өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді деп үміттенеміз.
Соңғы уақытта Шымкент қаласында «Шымкент — адалдық алаңы» жобасы аясында көптеген ісшаралар ұйымдастырылып, өткізілуде. Бұл өз кезегінде мемлекеттік орган қызметкерлері мен қала тұрғындарының арасында жобаның кең көрініс алып, өз мақсатына жете беруіне тілек білдіреміз.