Бұл туралы Шымкент қалалық Полиция департаментінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Ағымдағы жылдың 22 қазанында сағат 23:00 шамасында Шымкент қаласы Полиция департаментінің кезекші 8 жасар баланың жоғалғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері кешкі сағат 18:00-де бала аулаға шығып, үйіне оралмағанын анықтады.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің барлық жеке құрамы баланы іздестіруге тартылды. Іздеушілерге көршілер мен еріктілер қосылды.
Шамамен сағат 02:30-да полицейлер жоғалып кеткен баланы көрші ауладан тапты. Ол ойнап жүріп, қораптың ішінде ұйықтап қалған екен. Полиция қызметкерлері оны дереу үйіне жеткізді. Ата — анасы баланы іздеуге атсалысқандарға алғыстарын білдірді.
Осы орайда, полиция қызметкерлері ата-аналарға балаларына мұқият болып, жалғыз қалдырмауға кеңес береді.
Иә, расында да кішкентай бүлдіршіндердің аман — есен отбасына оралғаны үлкен қуаныш. Халыққа қалтқысыз қызмет етіп жүрген тәртіп сақшыларына алғысымызды білдіреміз.