Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » Шымкент: жоғары оқу орындарының шетелдік студенттерімен кездесу өтті

Шымкент: жоғары оқу орындарының шетелдік студенттерімен кездесу өтті

Шымкент қалалық ПД Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері қаладағы жоғары оқу орындарының шетелдік студенттерімен кездесті.

Бұл туралы Шымкент қалалық Полиция департаментінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

2019 жылдың 17-18 қазанында Шымкент қ. ПД көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің, Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің, «Silk way» Халықаралық университетінің, Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінің, академик А. Қуатбеков атындағы Халықтар Достығы университетінің, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының және «Мирас» университетінде кездесу ұйымдастырып, шетелдік студенттер үшін көші-қон заңнамасына байланысты мәселелер бойынша ақпараттық-консультациялық семинар өткізілді.


Полиция қызметкерлері шетел студенттеріне көші-қон есебі, Қазақстан Республикасының аумағына келу және кету тәртібі, көші-қон картасы жоғалған жағдайда не істеу керек екендігі туралы және Қазақстан Республикасының аумағында жұмысқа орналасу мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жргізді.
Кездесу барысында студенттер көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауап алды. Жоғары оқу орындарының өкілдері мен студенттер полицейлерге ұйымдастырылған кездесу үшін алғыстарын білдірді.
Кездесу соңында Шымкент қаласы ПД Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері өздерінің байланыс нөмірлерін қалдырды.

Пікір жазу