Шымкент полицейлері «Жолдағы қабылдау» республикалық акциясын қорытындылады.
Бұл туралы Шымкент қалалық Полиция департаментінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
2019 жылғы 18-19 қазан күндері таңғы сағат 9-00-ден кешкі сағат 19-00-ге дейінгі уақытта Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері өткізген «Жолдағы қабылдау» республикалық акциясы барысында 1350-ден астам азамат келіп, өз сұрақтарына қажетті жауаптарын алды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық сауатын және олардың жол қауіпсіздігі ережелерін сақтаудағы жауапкершілігін арттыру, тұрғындарға құқықтық көмек көрсету, қоғам мен билік арасындағы байланыс алаңын кеңейту, азаматтардың жеке түсініктері мен жауапкершіліктерін сезіндіру, жол апаты келеңсіздіктерін алдын алып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, миграциялық заңдылықты сақтау, азаматтардың полицияға деген сенімін арттыру болып табылады.
Соңғы уақытта шымкенттік құқық қорғау органдарының қызметкерлері өткізген «Жолда қабылдау» акциясы тұрғындарға уаұытын үнемдеуге, дер кезінде тиісті сұрақтарына жауап алуына көптеген ептігін тигізуде. Алдағы уақытта да мекеме қызметкерлерінен осындай ұтымды шараларды жиі өткізуін асыға күтеміз.