Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » Шымкент полицейлері «Жолдағы қабылдау» республикалық акциясының бірінші күнін қорытындылады

Шымкент полицейлері «Жолдағы қабылдау» республикалық акциясының бірінші күнін қорытындылады

Шымкент полицейлері «Жолдағы қабылдау» республикалық акциясының бірінші күнін қорытындылады. Бұл туралы Шымкент қалалық Полиция департаментінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Бүгін, 2019 жылғы 18 қазан күні таңғы сағат 9-00-ден кешкі сағат 19-00-ге дейінгі уақытта Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері өткізген «Жолдағы қабылдау» республикалық акциясы барысында 861 адам келіп, өз сұрақтарына қажетті жауаптарын алды.
Еске сала кетейік, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлерімен екі күн бойы, яғни 2019 жылғы 18-19 қазан күндері республика көлемінде «Жолдағы қабылдау» акциясы өткізілуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық сауатын және олардың жол қауіпсіздігі ережелерін сақтаудағы жауапкершілігін арттыру, тұрғындарға құқықтық көмек көрсету, қоғам мен билік арасындағы байланыс алаңын кеңейту, азаматтардың жеке түсініктері мен жауапкершіліктерін сезіндіру, жол апаты келеңсіздіктерін алдын алып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, миграциялық заңдылықты сақтау, азаматтардың полицияға деген сенімін арттыру болып табылады.
«Жолдағы қабылдау» республикалық акциясы ертең, яғни 19 қазан күні сағат 9-00-ден кешкі сағат 19-00-ге дейін жалғасын табады.

Пікір жазу