Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » «Коммуникативтік менеджмент» тақырыбында оқыту семинар-тренингі өткізілді

«Коммуникативтік менеджмент» тақырыбында оқыту семинар-тренингі өткізілді

Development Day аясында ағымдағы жылдың 18 қазанында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалында Шымкент қалалық Полиция департаментінің Көші-қон қызметі және Жергілікті полиция қызметі басқармасы қызметкерлеріне «Коммуникативтік менеджмент» тақырыбында оқыту семинар-тренингі өткізілді.

Бұл туралы Шымкент қалалық Полиция департаментінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Тренинг полиция қызметкерлерінің қоғаммен өзара іс-қимыл кезіндегі коммуникативтік құзыреттілігін арттыру мен жетілдіруге және тиімді коммуникация жүргізудегі біліктілігі мен дағдыларын дамытуға бағытталған.
Оқыту барысында семинар қатысушыларымен бірқатар өзекті мәселелер талқыланды. Олардың бірі құқық қорғау органдарының қызметкерлері қызметтік міндеттерін орындау кезінде халықпен диалог жүргізуі болып табылады. Осыған байланысты, полиция қызметкерлерінің азаматтармен өзара іс-қимыл кезінде коммуникативтік дағдыларын арттыру бойынша тиімді оқыту ұйымдастырылған.
Семинар өткізу барысында тәртіп сақшылары өздеріне көп пайдалы ақпарат алды.
Айта кетсек, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалында Шымкент қ. Полиция департаментінің қызметкерлерінің қатысуымен осындай оқыту семинарлары алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Пікір жазу