Шымкент қаласының Полиция департаменті қала тұрғындары мен қонақтарына қоғамдық – көпшілік орындарда жеке заттарына мұқият болуын ескертеді.
Қалта ұрлығының басым бөлігі адамдар көп шоғырланатын жерлерде орын алады (сауда орындар, қоғамдық көліктер, дүкендер, супермаркеттер, ойын — сауық орталықтар және т.б.). Әдетте, қылмыстық қол сұғушылық объектілері ұялы телефондар мен әмияндар болады. Қалта ұрысының құрбаны болмау үшін тқмндегілерді үнемі есте сақтау қажет:
• Қоғамдық орында жүргенде, өз заттарыңызды қадағалап және мұқият болу қажет.
• Шалбарыңыздың артқы қалтасына телефондар мен әмияндарды салмаңыздар.
• Әмиянды ашық сөмкеге, оның ішіндегі заттардың үстіне қоймаңыз.
• Ақшаны, телефондарды және басқа да құнды заттарды бөгде адамдар үшін қол жетімсіз жерде ұстаңыз.
• Сөмке мен қалтаңыздың әрдайым түймеленуін қадағалаңыз.
Егер де Сіз, қылмыстың құрбаны немесе куәгері болсаңыз дереу полицияға «102» сымтетігі арқылы хабарлаңыз.
Шымкент қалалық Полиция департаментінің Баспасөз қызметі