Шымкентте ұзындығы тістері 25-30 см-ге жеткен бегемот үш күн бойы нәр тата алмай қиналған, деп хабарлайды ernur.kz ақпараттық порталына сілтеме жасаған didarbek.kz.
Енді бегомот гиппопотам ұзақ емдеу курсынан өтеді.Атап айтсақ, Шымкент қалалық зообағы директорының орынбасары 30 қазан күні сағат 12.09-да «112» құтқару қызметіне хабарласып, құтқарушылардан көмек сұраған. «Ол астыңғы азу тістері үстінгі тістерінің арасында тіреліп қалып, үш тәулік бойы бегемот ауызын аша алмағанын хабарлады. Қалалық хайуанаттар паркінің «Тұрсын» есімді бегемоты бұзылған патологиялық тістің салдарынан тамақ іше алмай, күрделі проблема туындаған және шырышты жақ пен қызыл иектері жарақаттанған», — деп мәлімдеді Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. Осыған орай жедел-құтқару жасағының құтқарушылары оқиға орнына келіп, бегемоттың ұзындығы 25-30 см алдыңғы ауыз тістері мұрнын тесіп шықандығын анықтаған. Сонымен қатар, зообақ басшылығының келісімімен тамақтануға кедергі жасаған бегемоттың тістерін кесіп алған. Ал, мамандар енді бегомот гиппопотам ұзақ емдеу курсынан өтетін айтты.