Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ШЫМКЕНТ: АВАРИЯЛЫҚ-ҚҰТҚАРУ ЖӘНЕ ЖОЛ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТЕХНИКАЛАРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

ШЫМКЕНТ: АВАРИЯЛЫҚ-ҚҰТҚАРУ ЖӘНЕ ЖОЛ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТЕХНИКАЛАРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Үшінші мегаполисте «Қыс-2019» республикалық командалық — штабтық оқу — жаттығуы барысында авариялық — құтқару және қалалық жол қызметінің техникалары таныстырылды.

Бұл туралы «Шымкент келбеті» газетіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Инертті материалдардың қорын және төтенше жағдайларда қолданылатын техниканың дайындығын Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Б.Парманов қалалық төтенше жағдай департаментінің бастығы Н.Дербисов және департамент бастығының орынбасары Е.Бахаевпен бірге тексерді.

Қалалық жол қызметтің құрамына «ЛТД-Тұрмыс» ЖШС, «ЮгДорСервис» ЖШС, «БәтерекЛБ» ЖШС, «НұрТау сервис» ЖШС кіреді. Шнекоротор, самосвал, грейдер, бульдозер, погрузчик және т.б. секілді жалпы саны 151 техника бар. Барлық 4 ұйым қаланың ұзындығы 1292 шақырым құрайтын 225 көшесіне қызмет көрсетеді.

Дайындық көрсетілімі барысында бекітілген жол учаскелеріне қызмет көрсету мәселесі, сондай-ақ, қыс мезгілінде қауіпті метеорологиялық құбылыстардың пайда болуына байланысты төтенше жағдайларды алдын алу және жою бойынша сұрақтар пысықталды.

Пікір жазу