Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА ҮШ КӨПІР САЛЫНУДА

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА ҮШ КӨПІР САЛЫНУДА

Шымкент қаласы Еңбекші ауданының әкімі Ғалымжан Ильясов 2019 жылдың 10 айындағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіші пен мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы бойынша баспасөз брифингін өткізді.

Ауданда 2019 жылдың 10 айында 80 рейдтік іс-шара ұйымдастырылып, 102 ретсіз сауда орны жойылған. Бүгінде аудандағы 528 көп қабатты үй орталық жылу жүйесімен қамтамасыз етілген. Ауданда қызмет көрсететін 12 басқарушы компания көп қабатты үйлердің тұрғындарымен тұрғын үй-инженерлік жүйелерін 2019-2020 жж қысқы жылу маусымына дайындау мақсатында 404 келісім-шарттар түзген. Ғалымжан Молдабайұлы жылу маусымында тұрғындардың өздері де белсенділік таныту қажет екенін айтты.

— Ауданда жол жөндеу, көпір салу мәселелері өзекті. 2019 жылы 167,8 млн теңге бөлініп, 8,74 шақырым жолды асфальттау жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, биыл үш көпірдің құрылысы атқарылуда. Келесі жылға тағы екі көпір құрылысына ЖСҚ дайындалды, — деді Ғалымжан Молдабайұлы.

Сондай-ақ, аудан әкімі қоғамдық көлік, спорт алаңдарын салу, санитарлық тазалық, мәдениет сарайын мемлекет меншігіне қайтару, т.б мәселелер бойынша БАҚ өкілдері тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

Пікір жазу