Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » Шымкентте республикалық командалық – штабтық оқу-жаттығу «Жиын» дабылынан басталды

Шымкентте республикалық командалық – штабтық оқу-жаттығу «Жиын» дабылынан басталды

Шымкент қаласында 2019 жылдың 5 қарашасында таң ертен «Қыс-2019» Республикалық командалық  — штабтық оқу — жаттығу басталды.  Бұл туралы Шымкент қалалық ТЖД ішкі және сыртқы коммуникациялар тобының ақпаратына сілтеме жасаған didarbek.kz хабарлайды.

Шымкент қаласы тқтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары «жоғары дайындық» жұмыс істеу режиміне келтірілді.
Белгіленген уақытта Департаменттің дағдарыс орталығында дабыл алғаннан кейін бастықтың орынбасары полковник Ерғали Бахаевтың басшылығымен бірлескен жедел штаб жұмысы ұйымдастырылды. Жедел штаб жұмысына қалалық азаматтық қорғау қызметтерінің және шартты ТЖ жою жұмыстарына қатысатын қаланың ұйымдарының өкілдері қатысты.
ТЖ департаментінің, жергілікті атқарушы органдардың, қалалық мекемелердің, Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиялардың жеке құрамына хабарлау және жинау, сондай-ақ жедел кезекші ауысымдарды күшейту жүргізілді. Жедел штаб азаматтық қорғау қызметтерінің өкілдерімен бірлесіп, тапсырмаларды алып, жағдайды бағалау, қысқы кезеңде ықтимал ТЖ жою бойынша шешімдерді дайындау үшін жұмысты бастады.

Пікір жазу