Бұл іс-шара Шымкент қаласы әкімінің 2019 жылдың 8 ақпандағы №10 өкіміне және 2019 жылдың 3 сәуірдегі өткен мәжілістің №23 хаттамалық тапсырмасына сәйкес жүргізілген.
Шымкент қаласында жерді өз бетінше иеленген азаматтарды анықтау барысында зерделеу жұмыстары жүргізілген.
Бұл туралы Шымкент қалалық ақпараттық-коммуникациялық орталығында Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының 2019 жылдың 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіші мен мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы бойынша өткен баспасөз брифингінде аудан әкімі Ғабит Мәуленқұлов баяндады, деп хабарлайды ernur.kz порталына сілтеме жасаған didarbek.kz. Аудан әкімінің сөзіне сүйенсек, Шымкент қаласы әкімінің 2019 жылдың 8 ақпандағы №10 өкіміне және 2019 жылдың 3 сәуірдегі өткен мәжілістің №23 хаттамалық тапсырмасына сәйкес, аудан аумағында жерді өз бетінше иеленген және ауыл шаруашылық мақсаттағы жер телімдерін зерделеу нәтижесінде жалпы 247 жер телімі анықталған. Оның 58-і тұрғын үй, 37-і құрылысы аяқталмаған үй болса, 58-і фундаменті соғылған жер және 72-і ауылшаруашылық мақсатындағы жерлер. Тиісінше, жоғарыда аталған тапсырмаға сәйкес жер телімдерін өз бетінше иеленген азаматтардың үйлерін заңдастыру мақсатында 24 тұрғын үй заңдастырылып, қосымша 6 тұрғын үйдің құжаттары жер комиссиясына ұсынылған.