Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » Әл-Фараби ауданының әкімінің қатысуымен брифинг өтті

Әл-Фараби ауданының әкімінің қатысуымен брифинг өтті

Бүгін Шымкент қалалық ақпараттық-коммуникациялық орталығында Әл-Фараби ауданының әкімі Ғ.Мәуленұловтың қатысуымен брифинг өтті.  Брифинг барысында аудан әкімі ауданның 2019 жылдың 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіші мен мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы бойынша бірқатар мәселелерді баяндады.

Тарқатып айтар болсақ,  Әл-Фараби ауданының әкімі Төле би көшесі «Қырғы базар» аумағындағы ретсіз сауда өзекті мәселелердің бірі болуына байланысты, «Қырғы базар» аумағында ретсіз сауда жасап отырған тұлғалардың тізімі жасақталып, базар әкімшілігімен түзілген меморандум аясында базар аумағында бос сауда орындары ұсынылғанын айтты. «Саудагерлермен келісім шарт негізінде 30 адам «Қырғы базарға», 40 адам «Визит» ЖШС-ның аумағында 2 ай көлемінде ақысыз жұмыс жүргізуге орналастырылды.

2019 жылдың 10 ай бойынша аудан аумағында ретсіз саудамен айналысқан 439 тұлғаға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 204 және 505-бабтарына сәйкес, 367 әкімшілік хаттамалар толтырылып, 338 919 теңге көлемінде айыппұл салынды және оның 153 262 теңгесі өндірілген. Сонымен қатар, аудан аумағындағы заңсыз орналасқан дүңгіршектерді алу бойынша түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде 73 заңсыз дүңгіршектер алынды», — дейді Ғ.Мәуленқұлов. Одан бөлек брифинг барысында аталған аудан аумағында санитарлық тазалық жұмыстарымен 5 мердігер мекеме қызмет атқарып жатқаны және бүгінгі таңда көпқабатты тұрғын үй аулаларын аптасына 3 рет, жеке сектор аумағын аптасына 2 рет тазалау жұмыстары кестеге сайкес жүргізіліп жатқаны белгілі болды.

Пікір жазу