Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ АУМАҒЫНДАҒЫ БАРЛЫҚ АУЛА ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ БОЛАДЫ

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ АУМАҒЫНДАҒЫ БАРЛЫҚ АУЛА ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ БОЛАДЫ

Әл-Фараби ауданының әкімінің қатысуымен өткен брифингте аудандағы атқарылып жатқан бірқатар мәселелер баяндалды. Ауданда осыған дейін 217 көпқабатты тұрғын үйдің ауласы толығымен абаттандырылса, 100-інің құрылыс жұмыстары 45 пайызға аяқталған. Игі шара мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында атқарылып жатқандығын айта кетейік.

Жалпы, аудан қаланың орталығында орналасуына байланысты, демалыс аймақтары мен мәдени нысандардың көбісі аудан аумағында орналасқан, атап айтар болсақ 13 саябақ, 18 гүлзар, 17 ескерткіш және 11 субұрқақ бар. Аталған нысандар тұрақты түрде зерделеніп, анықталған кемшіліктерді ретке келтіру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар, А.Байтұрсынов көшесінің бойында орналасқан Т.Тәжібаев аллеясы абаттандырылып, жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бейбітшілік көшесінің бойындағы Арбат қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс орнына айналып отыр. Аталған демалыс аймағында құзырлы мекемелер еріктілердің ұйымдастыруымен мәдени іс-шаралар мен халықтың сауатын арттыру акциялары және түрлі салалар бойынша халыққа тегін кеңестер өткізіліп тұрады. «Орталық саябаққа» ағымдағы жөндеу жұмыстары және Асанбай Асқаров ескерткішінің аумағы мен «Дендросаябақ» аумағына абаттандыру жұмыстары жүргізілген.

Елбасының тапсырмасына сәйкес ауданымызда тарихи маңызы зор Шымкент қалашығын (Цитадель) қалпына келтіру жұмыстары да басталды.

Ескі қаланың аумағында табылған экспонаттардан тұратын мұражай-экспозициясы және бекініс қабырғалары бар Оңтүстік қақпаларды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіп, 200 шаршы метрге Визит-орталығын орналастыру жоспарлануда.

 

 

Пікір жазу