Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 47 НЫСАН ІСКЕ ҚОСЫЛҒАН

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 47 НЫСАН ІСКЕ ҚОСЫЛҒАН

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында жыл басынан бері 47 нысан іске қосылған.  Бұл туралы брифинг барысында аудан әкімі Ғабит Мәуленқұлов мәлімдеді. Тарқатып айтар болсақ, 7 ірі, 12 орта және 28 шағын өндірістік-кәсіпкерлік нысанға тартылған инвестиция көлемі – 9,215 млрд теңгені құрады. Тиісінше, 5 200 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Аудан аумағында 2019 жылдың басынан бері жалпы 47 нысан іске қосылып, қаланың экономикалық дамуына өз үлесін қосуда. Атап айтсақ, 7 ірі, 12 орта және 28 шағын өндірістік-кәсіпкерлік нысандар ашылып (олар ірі сауда үйлері, қонақ үйлер, «Қырғы базар» аумағын күрделі жөндеу(аяқталу 2022ж), емханалар, кафе, ресторан және т.б нысандар), оған тартылған инвестиция көлемі – 9,215 млрд теңгені құрады. Сондай-ақ, жаңа бос жұмыс орындары ашылып, 5 200 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

2019 жылы аудан бойынша жастар мен әйелдердің кәсіпкерлігін қолдау мақсатында 2019-2021 жылдары «Мен кәсіпкер боламын!» атты бағдарламасы аясында аудан тұрғындарына «Сәуле», «Забадам», «Текесу» елді мекендерінде 14 жиналыс ұйымдастырылып, түсіндірме жұмыстарының нәтижесінде 250 адам «Атамекен» кәсіпкерлік қолдау орталығына тіркеліп, оның ішінде 30 тұлға өз кәсіптерін ашып, жұмыс жүргізуге мүмкіндігін алды.

Аудан аумағындағы негізгі көшелерде және коммерциялық нысандар мен сауда орындарында орналасқан жарнамаларды ретке келтіру мақсатында 500-ге жуық ірі жарнама және 2500 жапсырылғын ұсақ жарнамалар алынып, жеке кәсіпкерлерге жарнамаларын заңдастыру бойынша түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде, төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері болып 180 заңды тұлға тіркеліп,  2019 жылдың 10 айдың қорытындысы бойынша сыртқы (көрнекі) жарнама бойынша бюджетке түскен түсім көлемі 131 млн теңгені құрады.

 

 

 

Пікір жазу