Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » Шымкентте «Ұлы даланың ұрпақтары» байқауы өтті

Шымкентте «Ұлы даланың ұрпақтары» байқауы өтті

Шымкент қаласының білім басқармасының қолдауымен №3 балалар эстетикалық саз мектебінде «Болашаққа бағдар Руxани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру мақсатында Халық ақыны, композитор Кенен Әзірбаевтың туғанына 135 жыл толуына орай, қалалық қосымша білім беру мектептерінің Дәстүрлі ән » Ұлы даланың ұрпақтары» байқауы болып өтті.

Байқауға қаладағы әр мектептен, оқушылар сарайынан, «Қарақат» мектеп студиосынан он беске тарта оқушылар қатысып, бақ сынасты. Шымкент саз колледж Дәстүрлі ән сыныбының аға ұстазы Жақып Сынабайұлы Сыпатаев және Өтеп атындағы өнер мектебінің ұстаздары байқауда әділ қазылар болды.
Сайысқа оқушылар кіші және үлкен топ бойынша қатысты. Бірінші кезеңде Әзірбаевтың әні орындалып, екінші кезеңде xалық әндері мен қазақ композиторларының әндері орындалды.

Нәтижесінде, үлкен топ бойынша 1-орынды Ж.Омарова атындағы 1-балалар саз мектебінің оқушысы Байданов Батырxан иеленсе, 2-орынды  3-саз мектебінен Науxан Сымбат,  3-орын оқушылар сарайынан Мырзабай Ролан иеленді. Ал,  кіші топ бойынша, 1-орынды  3-саз мектебінің оқушысы Кемелбек Арайлым,  2-орынды Ж.Омарова атындағы 1-балалар саз мектебінің оқушысы Жақсыбай Сабина,  3-орынды  3-саз мектебінен Аманбек Дулатқа бұйырды.  Жеңімпаздар Білім басқармасынның арнайы дипломы және сыйлықтары табысталып, қатысушыларға ынталандыру сыйлықтар және дипломдармен марапатталды

Пікір жазу