Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » Шымкенттік өнерпаздар Ресейде өнер көрсетті

Шымкенттік өнерпаздар Ресейде өнер көрсетті

Шымкент қаласы білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айгүл Қалыбайқызы «Самғау» дуэтін қабылдады. Көз жанарлары жақсы көрмейтін «Үміт» мектеп интернатының 12 «А» сынып оқушысы Орынбек Рысдаулет пен 11 «Б» оқушысы Исаханова Назима сынды жас өнерпаздарымыз Ресей әншісі Диана Гурцкаяның шақыртуымен «Белая трость» Халықаралық фестивалінің Х жылдық атаулы мерейтойына шақырту алған болатын.

Аталған фестиваль Ресей федерациясының Мәскеу қаласында болып өтті. Фестивальде әншілеріміз «МузТВ» музыкалық каналының директоры Арман Давлетьяровпен бірге ән шырқады. Жас бүлдіршіндердің фестивальге баруына «BI JULDYZAI» қоры демеушілік көрсеткен.

Сонымен қатар, Шымкент қаласы Білім басқармасының басшысы міндетін уақытша атқарушы Текебаева А. К. және аталған интернат басшысы З.Ә.Сәлім «По зову сердца» қайырымдылық қорының алғыс хаттарымен марапатталды. Көршілес елде өнерлерін паш еткен жас әншілерімізге Айгүл Текебаева сыйлық табыстап, сәттілік тіледі.

Біз де өз кезегінде бүлдіршіндердің өнерлері өрге жүзе берсін деп тілек білдіреміз.

Пікір жазу